• Түрлі сөйлем мүшелер қызметін атқаратын сын есімдерге мысал

Ответы 1

  • Анықтауыш – сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің?ненің? (основная функция  в предложении – определение.                             

    Вопросы: какой? кого? чего?)

    Мысалы: Сұр бұлт түсі суық  қаптайды аспан.  Жақсының  жақсылығын айт.

    Баяндауыш – сын есім жіктік тұлғада тұрып немесе жалғаусыз сөйлем соңында келеді. (имя прилагательное с личным окончанием или без него находится в конце предложения и является сказуемым)

    Мысалы: Сен бір артық көркемсің. Әлсіз адам сүріншек. Қар аппақ.  Орамал түсі – қызыл. Бүгін ауа райы суық.  Оның жақсы  көретін түсі – жасыл.

    Толықтауыш – заттанып келіп, толықтауыш болады. Табыс, барыс, жатыс, шығыс,көмектес септіктер сұрақтарына жауап береді.

    (субстантивируясь, отвечая на вопросы данных падежей, выполняет 

    функцию  дополнения)

    Мысалы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. Ол алманың сарылауын таңдады. Ол судың ыстық-суығына қарамады.

    Пысықтауыш – сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіреді.Сұрағы: қалай? (находясь перед глаголом, определяя способ действия и отвечая на вопрос - как? ,выполняет функцию обстоятельства)

    Мысалы: Айман бөлмесін таза ұстайды. Ол домбырада шебер ойнайды. 

    Бастауыш – заттанған сын есім атау септігінде тұрады. (субстантивированное имя  прилагательное находится в форме именительного падежа и является подлежащим)

    Мысалы: Ұялшақ сыбағасынан құр қалады. Сыпайы сырын сақтар.
    • Автор:

      sarahgkcr
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years