Жаз-тамаша мезгіл. Мен жазды асыға күттім,міне ол да келді. Жазда ыстық.әрі жақсы болады. Етік,жейде,күртек киіп,шәркей байлаудың қажеті жоқ. Ешнәрсе кимей,достарыңмен бірге ойнап серуендеуге болады. Ауырып қалам деп қорықпай өзен-көл-теңіздерге түсуге болады. Орманға немесе теңізге баруға болады. Мен осы жазды ауылда өткіздім. Селет пен Астанада болдым. Жаз бойы ата-анаммен және Алёнамен бірге болдым. Өте көңілді болды. Жаңа достар таптым. Бір өкініштісі,жаз тез өтіп кетті. Келесі жаз бұданда жақсы болады деп ойлаймын.