1. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы- соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов.2. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына санша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер -білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халықпенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар. Міржақып Дулатов.