Ертеде қой мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі келе жатып,жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты.Етті қасқыр да,қойдың да жегісі келеді.Қой қасындағы қасқырға:-Ал,сен жей ғой,достым,–депті жол беріп.Қасқыр арсалаңдай күліп:-Менің жегім келмейді.Сен-ақ жей бер, дейді.Қой етті жемек болып,енді шетінен тістей бергенде,мойнын қақпан қауып алады.Ет бір шетке ұшып түседі.Қасқыр етті қағып алып,қылғи салады.Мұны көріп тұрған қой:-Ей,достым-ау,сен жемейм дедін ғой дейді.Қасқыр қылмың қағып:Мен қақпанды көріп,саған жол бердім-деп зыта жөнеліпті.