• кыс туралы такпактар авторларымен

Ответы 1

  • Қ Ы С  (Абай Құнанбайұлы)Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр мылқау танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау түсі суық,Басқан жері сықырлап келіп қалды.Дем алысы - үскірік аяз бен қар,Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,Аязбенен қызарып ажарланды.Бұлттай қасы жауып екі көзін,Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,Алты қанат ақ орда үй шайқалды.Әуес көріп жүгірген жас балалар,Беті-қолы домбығып, үсік шалды.Шидем мен тон қабаттап киген малшы,Бет қарауға шыдай алмай теріс айналды.Қар тепкенге қажымас қайран жылқы,Титығы құруына аз-ақ қалды.Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,Малшыларым, қор қылма итке малды.Соныға малды жайып, күзетіңдер,Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,Құр жібер мына антұрған кәрі шалды
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years