• Бəйге туралы мəтін пажалуйусто помогите

Ответы 1

  • Мәтін

    Бәйге.

    Бәйге – ұлттық ойындардың ішіндегі ең маңыздысы.Жылқы болған жерде бәйге де бар. Қазақ танымында бәйгенің көптеген түрлері бар. Атап айт­қанда: аламан бәйге, үдемелі бәйге, айғыр, тай, құнан, жорға жарыс, т.б.Бәйге – біз біле бермейтін этнографиялық мазмұн мен бай дәстүрге ие. Бәйге өткен заманда үлкен-кіші ас-тойларда ұйымдастырылып, дау­лы мәселелер туындамас үшін бәйгенің билігі беделді ақса­қалдарға жүктелген. "Бәйге ат мүсінін жасырады" демекші,бұл жерде аттың сұлулығы емес,жылдамдығы,ептілігі сыналады.Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді.Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс.Бірінші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға,қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. 

    Бәйге бүгінгі күні де жалғасын табуда.Әсіресе, дүбірлі мерекелерде,әз Наурызда бәйге жарысы ұйымдастырылып тұрады.

    • Автор:

      amirwade
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years