Бұл заман байқағанға күштінікі,Азулы, тырнақты мен тістінікі.Дүниенің патшалығы, батырлығы -Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.Жуас қой ен жайылған - қасқырдікі,Құл еркі қожайыны - «тақсырдікі».Құр қалмақ, әр орнында қырсық шалмақ,Тартыншақ, жалқау қара басқырдікі.Даулы мал - ебін тапқан шешендікі,Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі.Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,Мінеки мені-ақ кісі десеңдікі.Жаным - хақ, қара басым - патшанікі,Абырой, кісілігім - ақшанікі.Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім,Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.Жансыздық - іссіз қарап тұрғандікі,Құр тілек құдай әбден ұрғандікі.Күш-қуат жанталасып жинамасаң,Мал, басың бұрын үміт қылғандікі.