Екі көзі шарасынан шығу – қорқуЕкі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыруЕңбегін сауды – адал күн кештіЕңсесі құру – сағынуЕр қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қаруларЕреуіл атқа ер салу – елін қорғануға асынуЕрнін шығарды – мазақтадыЕрнінің емеурінін табу – көңілін табуЕсек құрты мұртына түсу – баюЕтек-жеңін жию – есін жиюЕтектен алу – кедергі жасауЕшкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамауЖағадан алу – қылғындыруЖағасын ұстау – таңдануЖағы сембеді (тынбады) – көп сөйледіЖағына пышақ жанығандай – арықЖайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықтыЖалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүруЖанары кетті – көзінің нұры кеттіЖанды жегідей жеу – қиналуЖаны зәр түбіне жету – қорқуЖаны сіріден жаралған екен – мықтыЖанын қоярға жер таппау – әлек болуЖараның аузын алу – ескі дертті еске түсіруЖарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппауЖауырынан жел өту – азап шегуЖегенін желкесінен шығару – сазайын беруЖелкесін қасу – қысылу, сасуЖеме-жемге келгенде – шешуші сәттеЖер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықтыЖер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алысЖер болу – ұялуЖер жұту – жоқ болуЖер қабу – өлуЖер қаптыру – алдау