Тілім менің тұрағым, мекен - жайым, тірлігім,Тіл арқылы танытам туған елдің ірілігін.Тілім менің паш етер, қайта оралған шағында,Қазағымның Елдігін, Тұтастығын, Бірлігін.Ілияс ҚұрмашТуған тілім - асыл анамның әсем үнімен бойыма сіңген ана тілім. Әр адам өз анасын қалай қадірлеп сыйласа, туған тілін де солай құрметтеп, сүйе білуі керек деп ойлаймын.Ана тілің - арың бұл,Ұятың боп тұр бетте.Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте,- Қадыр Мырза Әли атамыздың осы өлең жолдары нақыл сөз боп кетті. Бұл өлеңнен көп нәрсені байқауға болады. Ана тілді арға, ұятқа теңеп тұр. «Өзге тілді білу - мақсатың, ал өз ана тіліңді құрметтеу - міндетің», – дейді ақын ата.Мағжан Жұмабаев атамыз «Қазақ тілі» өлеңінде:Ерлік, елдік, қайрат, бақ, ардыңЖауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!- деп жырлайды. Яғни, қазақ халқының басынан әр түрлі жылдарда ашаршылық, ұлт¬ - азаттық қозғалыс, жаугершілік, отаршылдық секілді қиын заман өтті, бірақ халқымыз қайыспай, ұлт болып аман қалды. Бабасынан қалған алтын мұрасы тілін ұмытпады.