• ежелгы дауыр адебиеты казак халкына ортак мура шыгарма керек

Ответы 1

  • Ежелгі түркілер тек қана шаруа­шылы­ғымен ғана айналысып, көшіп-қонып жүре бермеген, елінің еркін өмірін қорғаймын деп, қайқы қылы­шымен дұшпандарының жүрегін ұшырып, қатыгездігімен, жауынгер­лігімен ғана аты шықпаған, сонымен бірге кең далада мәдениет пен ғылым­ның орталығы болған үлкен-үлкен қалалар салып, әлемдік өркениеттің дамуына өзіндік мол үлесін қосқан екен. Бұрындары түркі халықтары көшпелі өмір сүріп, дамымай қалған жабайы халық делінсе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, арасынан әл-Фарабидей ұлылар шыққан, есте жоқ ерте кездерден-ақ білімі, ғылымы, мәдениеті дамыған, бір кездерде қо­ғам­дық дамудың көшін бастап, адамзат қоғамының жетіле түсуіне айтар­лық­тай үлес қосқандығы жайлы мойындала бастады. Ал адам бала­сы­ның рухани жағынан дамуында шешуші рөл атқаратын әдебиет болса, түркі халық­тарының ерте кездерде жасаған мәдени мұрасының аса бай болғандығына бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр. Әсіресе, түр­кі халықтарының тұрмыс-тіршілі­гіне орай жасалынған көшпенділер мәдениеті бұл күндері өзіне теңдесі жоқ қоғамдық-мәдени құбылыс ре­тінде бағалануда.
    • Автор:

      hugo3qsz
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years