Мен үлгі алғым келетін адам (кумир)-оған біз әрдайым таңқаламыз, оған ұқсағымыз келеді. Менің қызығуымды, таңқалуымды шақыратын адамдар, олар өзінің мүмкіндіктерін адамдарға жақсы қарым-қатынасымен жалғастыратын адамдар. Ана- мен үшін қайырымды, ең жылы жаратылыс. Ана- бұл менің өмірімдегі ең алғаш айтқан сөзім. Менің анам өте сұлу, ақылды, қымбатты, қонақжай, әдепті, өз ісіне берік, мейірімділік пен өзін-өзі жақсы ұстау сезімі бар, шыдамды, көпшіл, күлімсіреп тұратын, балаларды сүйетін әйел. Мен сенімдімін, менің анам жәй адам емес. Қандай затты болмасын қолға алса, оның қолынан бәрі келеді: көйлек тігу, бас киім тоқу, салфетка кестелең, ерекше аппликация мен әртүрлі заттар жасау. Мен онымен мақтанамын. Өз анамнан мен адамдарға алғысын, мақтауын күтпей-ақ көмектесуді үйренемін. Ол - менің кумирім менің үлгім. Мен ойлаймын, менің анамдай ананың баласы болу үлкен бақыт! Анашым-менің жер бетіндегі ең сүйікті адамым! Оған рахмет, маған сыйлаған өмір үшін, күнделікті сыйлайтын сүйіспеншілігі үшін.