Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,Сипаты бек асып тұр көрсең жаңа.Ішінде шығар жері қиын екен,Егер де қолға түссе болар пана./Пұшпақ ішік/.Бір нәрсе менен биік,Кейде менен аласа.Мұндай қызық дүниеде,Көріп пе едің тамаша./Бөрік/.Атамдікі - шошақ,Апамдікі - жалпақ./Атамның тымағы мен апамның кимешегі/.Төрттен қосқан басы бар,Маңдайында шашы бар.Өзің көрген баяғы,Салпылдайды сабағы./Тымақ/.Дөп-дөңгелек басы бар,Маңдайында шашы бар.Өзің көрген баяғы,Сапылдайды сабағы./Тымақ/.Ашамайды арта салдым,Айыл жібін тарта салдым./Тымақ/.Жансызға бітеді екен құйрық қанат,Адамнан қалмаймын деп етер талап,Ішінде қанатының екі жіп бар,Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап./Тымақ/.Үшеуі салпы,Бірі таңқы./Тымақ/.Алды ұзын, арты қысқа, Беттері өзіне сай әрбір тұста,Суықта да, жылыда да пана болар,Таппасаң басыңдағыны қолыңа ұста./Тымақ/.Басы жоқ, құсқа біткен екі қанат,Адамнан қалмаймын деп қылдым талап.Ішінде қанатының екі жіп бар,Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап./Тымақ/.Керегесі тыртық, уығы қысқа,Керек болған үй екен біздің тұсқа.Отарға мал айдасам, жолға шықсам,Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста./Бөрік/.Шылдыр-шылдыр жүгенім,Сұлу қара құнаным.Көлеңкесі көсіктей,Ауырлығы асықтай./Сәукеле/.Сылдыр-сылдыр кісенім,Сылдырлайды кісенім,Құлағында құлпы жоқ,Құдіретті кісенім./Сәукеле/.Құйын, құйындікі түйін./Шашбау/.Биік таудың басында қара лашық,Түңлік жабық болғанмен есік ашық,Қайда жүрсең қажетің соған түсіп,Құтылмассың керексіз деп одан қашып./Бас киім/.Бір жануар бар екен өзі сұсты,Себеппен ортасында сызық түсті.Бір жігітті тұрады буындырып,Дүниеде көрмедім ондай күшті./Сақина/.Жайсам - жамшыдай,Жапсам - қамшыдай./Қолшатыр/.Күрке ғой көрсең алыстан, Астында адам қорғалар.Ұстасаң бір тал қамыстан,Төбеден суы сорғалар./Қолшатыр/.