• қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл эссе жазу

Ответы 1

  • 2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы әзірлікті бастап та кетті.

    Ақтөбедегі мерекелік датаға арналған шаралардың алғашқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық жобасы. «Қоныс» спорт сарайында бастау алған бұл шараға 4 мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында ардагерлер, жастар және мемлекеттік емес ұйымдар мен этноұлттық бірлестіктердің өкілдері болды.

    Иә, ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тәуелсіздік жо­лындағы халқымыздың тарт­қан тауқыметі мен көрген қиын­дықтарын ақтөбелік өнер­паздар театр­лан­дырылған көрі­ніс­тер арқылы көрсетті. Бір сағат­қа созылған қойылым бары­сында қазақ хал­қының сан ғасырлық тарихы көрер­мен қонақтар назарына ұсы­нылды. Театрландырылған қойы­лымның «Ауыл» деп аталатын бірінші бөлімінде қой үстіне боз­торғай жұмыртқалаған заман­ның көріністері, одан кейінгі жау­гершілік кезеңдер, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру жылдары, қазақ жеріне жан-жақтан депортацияланған ұлттар­дың тағдыры көрсетілді. Ал «Мәңгілік Ел» бөлімінде Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихы, осы уақытта жеткен жетіс­тіктері, әлем аренасында танылуы сынды тақырыптар қамтылды.

    • Автор:

      shawn
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years