1. Батырлар жыры - өткен ғасырдың батырларының бастан кешкен оқиғаларын (мысалға Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты) баяндайтын ауыз әдебиетінің асыл мұрасы.2. Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. 3. Батырлар жырының басты тақырыбы – ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау.4. Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер.5. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.