• Улы Отан соғысы туралы атақты адамдардын өлендері қажет_

Ответы 1

  • Әбу СәрсенбаевСолдат ШинеліСоветтер Одағының Батыры Қадыран ТуғанбаевқаУа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,Өрт кешіп талай хутор, селендерде,Жасқанбай жауған оққа қарсы ұмтылып,Сен кешкен жүздік дүлей өзендерде.Тобырсып тобығымнан сорғалап су,Сіресіп сыртында мұз,Бұрқырап бу,Жат жерлікті жапыра ілгері озып,Кезекті ердің үстіне орнаттық ту.Кейде жаудың сыртына кеттік өтіп,Төкседе оқ боранын нөсерлетіп,Жел қағып желкілдеген етегіңдіМинаның жарқыншағы жатты тесіп.Жерім жоқ бас сауғалап, жан қорыған,Кейде "тіл" алып қайттық жау орынан,Жүзім суық,Түсіндей сұрғылттанды,Көзімде түн күзетіп жол торыған.Көзіне батыл қарап сұм ажалдың,Сескенбей мен әрқашан алға бардым,Солдаттық көкрегіме қалқан боп сен,Жүрегімді қатерден қорғап қалдың.Жүргенде намыс отын оқпен көсеп,Болдың сен әрі жастық, әрі төсек,Көзге ұйқы тығылса қар үстіндеҚалғыдым етегіңді астыға төсеп.Автоматты төсіме қысып жардай,Жата кетсем бүрісіп бойым жазбай,Денемді сен қыздырып сала бердің,Жардың жібек көрпесін жамылғандай.Уа, сұр шинель, сұрапыл кезеңдерде,Жүзерміз әлі талай өзендерде,Жат жерлікті жайратып, азаттықтыңТігерміз туын талай селендерге.Ворошиловград, 1943
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years