Қалада оқып жүрген бала жазда аулына келеді. Шөп шабуға жиналған әкесі баласына: қолыңа тырнауыш алып, мен шапқан шөптерді жинап, маған көмектес,- дейді. Ал, баласының жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан: мен қазақтың сөздерін ұмыттым, тырнауыш деген не нәрсе,- дейді де тысқа шығып кетеді. Сол сәтте есік алдында жатқан тырнауышты байқамай басып кетеді де тырнауыштың сабы маңдайына тиеді. Тек сонда ғана оның есіне тырнауыштың не екені түседі. Ол маңдайын сыйпалап тұрып, тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ,- деп ашуланады.