1 - санына байланысты:Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.Бір жылы сөз бір күнге азық.Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.2 - санына байланысты:Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.Ерке бала - екі жылар.Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.3 - санына байланысты:Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.Ат баспаймын деген жерін үш басады.4 - санына байланысты:Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.5 - санына байланысты:Біреуге бес күн алда келсе, біреуге бес күн кейін келеді.Бес саусақ бірдей емес.Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.6 - санына байланысты:Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.Ағайынды алты болсаң, адам тимес.Алты аға бірігіп әке болмас.7 - санына байланысты:Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.8 - санына байланысты:Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме.9 - санына байланысты:Тойған жерге тоғыз кел.Тоғыз әйелдің толғағи бір келеді.Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.10 - санына байланысты:Он санының саны бірдей болғанымен тұрқы бірдей емес.Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.Он бала бір әкеге жүк болмайды,Бір әке он балаға жүк болады.12 - санына байланысты:Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады.Он екіде бір гүлі ашылмаған.Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.15 - санына байланысты:Болар бала бесігінде боспын дейді,Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың,Он бесте отау иесі30 - санына байланыстыОтыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.Отыз күн оразаның бір күн айты бар,Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсың.40 - санына байланысты:Жақсы кісі қырық жасында толады,Жаман кісі қырық жасында солады.Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.