Үш санына байланысты;Үш көз;Су анасы - бұлақ,жол анасы-тұяқ,сөз анасы- құлақ.Үш тоқтам; Ақыл-арқан,ой-өріс,адам-қазық.Үш қасиет; Өліде-аруақ,малда-кие, аста-кепиет.Үш талғам; Мейірім-сауап, жақсылықтан шарапат,жамандықтан кесепат.Үш жүз; Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.Үш тәтті;Жан тәтті,жар тәтті,мал тәтті.Үш қуат; Ақыл,жүрек, тіл.Үш жұрт; өз жұртың- күншіл,қайын жұртың-міншіл,нағашы жұртың- сыншыл. Жеті санына;Жеті санның дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты ,орнықты болып кездесетіндігін білеміз.Жеті саны-қазақ үшін де киелі.7 санына байланысты жеті жұт немесе жұт-жеті ағайынды.Олар-құрғақшылық,жұт (малдың қырылуы), өрт, оба, соғыс,топан су, зілзала (жер сілкіну).Жеті жоқ; жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ,таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ,Аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.Жеті қазына-ұрпақ жалғасы деп есептеледі. Сонымен қатар жеті жетім, жеті шәріп,жеті ата ұрпағымыздың өрісін,танымын кеңейтеді.Жеті күн; Дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жұма,сенбі,жексенбі.Жеті амал;Тоқсанның кіріуі,киіктің матауы,мұздың қатуы,айдың тоғамы,үркердің батуы,қарашаның батуы,күннің тоқырауы.Жеті қазына;-Ер жігіт,сұлу әйел,берен мылтық,ақыл,білім,жүйрік ат, қыран бүркіт,жүйрік тазы. Тоғыз саны;Тоғыз саны-әлдебір толықтылықты,түгелділікті білдіреді,үйірімен үш тоғыз,байлықты,жеңісті білдіреді. Қырық саны;Қырық-көп жағдайда кез келген өлшемнің (уақыты,кеңістіктің) ең шеткі,ең соңғы межесі,шебі,шекарасы.Қырық сөзі абак таңбадағы шебер сызығын білдірген.Сандық көрсеткіш бойынша берсек,40дегеніміз-кіндік нүкте.40 санына байланысты қазақ халқының қырқынан шығару,қырқын беру.