Ответы 1

  • Ответ:

    Кәдімгі суықторғай, бозшымшық – құнақтар тұқымдасына жататын құс. Дене тұрқы 16 см, салмағы 32 – 34 г; төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры (аталығында) қызғылт, ал аналығында қоңыр, сұр түсті. Бозшымшық Батыс Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында кездеседі. Қыстап шығу үшін Орта Азияға, Қырымға, Қазақстанның оңтүстік аудандарына ұшып кетеді. Ағаш басына ұялап, бір жазда екі рет 4 – 7 жұмыртқа салып, оны мекиені 13 – 15 күн басып балапан шығарады. Олар 15 – 16 күнде ұядан ұшады. Бозшымшық әр түрлі ұсақ жәндіктерді, ағаш тұқымын, бүршігін, жас жапырағын жейді. Үні әуезді, сондықтан оны үйде де ұстайды.

    • Автор:

      fonzie
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years