Ответы 1

  • Көрікті Көкше- Абылай Баян бастаған ел қорғандарының қонысы.« Баянсыз қанатымды қалай жаям?!»« Жорықта жауының бір сұлуын алып қайтқан..»« Өлтірдім бе, інімді алаштың намысы үшін..»« Елі үшін төккен ерлер қанын жұтқан… жер ұмытпас»Осы жоспар бойынша балалармен бірге мазмұнын айта отырып, Баян бейнесін талдаймын.І. «Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.ІІ. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу.ІІІ.Жанры: Поэзия, поэмаІҮ.Сюжеттік-композициялық талдау:Шығарманың басталуы.« Батыр Баян» поэмасы Мағжан ақынның көңіл-күй сезімін толғаудан басталады.Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,Сұм өмір абақты ғой саналыға.Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,Сондықтан жаным күйіп жанады да,- деп ашынған ақынның ішкі монологынан басталатын поэма бірден кесек-кесек ой ағытады. « Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады. «Қызыл тілім кісендеулі» деп тіл бостандығының жоқ екеніне тоқталып « қызыл сұм» деген көріктеуші және «кісендеулі» депкейіптеу арқылы ақын поэманың тілдік қуатын арттырады. «Сұм өмір күшті уын аяды ма?»- деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды. Уақыт өтер ақынның жолы « қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмасаң, қаламыңмен сырлас- дейді. Ендеше, ақында қаламымен сырласады.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years