Қазақтарда киелі сандардың маңызы зор. Қазақ халқының өмірінде маңызды деп қарайтын әртүрлі сандардың қатары көп. Олардың қатарына жататындар, үш, жеті, тоғыз, қырық, бұларды қазақтардың дәстүрлерінде, сенімдерінде, мақал-мәтелдерінде жиі көруге болады. Қазақ халқында жеті санына байланысты нанымдар мен атаулар көп. Қазақтар үшін жеті саны - өмір мен өмірдің символы. Жеті қазына- қазақ дәстүрінің ұғымындағы бір философиялық түсінік. Қазақтар жеті қазынаны батыр жігіттің өмірімен байланыстырады.Біздің басты міндетіміз ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатырған салт-дәстүрді , оның ішінде киелі сандар туралы ұғымды да ешбір өзгеріссіз сақтау.