• ШЫғарма
    Аталар сөзі - ақылдың көзі
    Интернеттен алмаңдар, 25 балл берем

Ответы 1

  • Шығарма

    Аталар сөзі - ақылдың көзі.

    Асқар таудай тұлғасы,

    Ақ сақалды қария.

    Ата сөзі жыр басы,

    Айтқан сөзі дәрия.

    Ия...Ата дегенде көз алдымызға осы бейнелер келген болар еді.Дана халқымыз: "ата - бәйтерек,бала - жапырақ" дегендей,отбасыны үлкен бәйтерек ағашы десек,ата сол ағаштың тамыры десек, қателеспейміз.Атаның ақ сақалы мен салалы алақанына жетер ештеңе жоқ.Оның үнемі жайнап тұратын қос жанары,шәй ішісі мен киім киісі,сені басыңнан сипағаны бәрі-бәрі естен кетпейтін ыстық бейнелер.

    "Атаңның сақалына қарама,айтқан мақалына қара" деген екен ата-бабамыз.Шынында,оның аузынан шыққан әр сөз баға жетпес асылға толы.Көпті көрген мұндай кісілердің сөзінің жаны болады.Соларды санамызға сіңірсек,белестерді бағындыратынымызға күмәнің болмасын.

    Біреуі мен ем атасын сүйген жастың.

    Өмір бойы сені,ата,ұмытпаспын.

    Күс-күс қолмен басымнан сипадың да,

    Желден ықсам жып-жылы қойныңды аштың,- деп атасын шын жақсы көргендердің бірі, қазақ ақыны - Әбділда Тәжібаев еді.Біз де аталарымыздың сөзіне құлақ асып,оны сыйлай білсек нұр үстіне нұр болар еді.

    • Автор:

      jaliyah
    • 4 года назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years