• 1. Жолдасы көптің - олжасы көп.
    2. Өнерліге есік ашық.
    3.Ердің малы - елдің малы.
    4. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең əлем.
    5.Шебірлікке шек жоқ.

    ОСЫ СӨЙЛЕМДЕРДІ СӨЗ ҚҰРАМЫНА ТАЛДАУ. ( түбір,жұрнақ, жалғау)

Ответы 1

  • Берілген сөйлемдердегі сөздерді сөз құрамына талдау:

    1) "Жолдасы көптің – олжасы көп".

    Жолдас – түбірі (зат есім),+ы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

    көп – түбірі (үстеу),+тің – ілік септігі жалғауы;

    олжа – түбірі (зат есім),+сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

    көп – түбір сөз (үстеу).

    2) "Өнерліге есік ашық".

    Өнер – түбірі (зат есім),+лі – зат есімнен сын есім тудыратын сөз тудырушы жұрнақ,+ге – барыс септік жалғауы;

    есік – түбір сөз (зат есім);

    ашық – түбір сөз (сын есім).

    3) "Ердің малы – елдің малы".

    Ер – түбірі (зат есім),+дің – ілік септігі жалғауы;

    мал – түбірі (зат есім),+ы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

    ел – түбірі (зат есім),+дің – ілік септігі жалғауы;

    мал – түбірі (зат есім),+ы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы.

    4) "Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем".

    Тіл – түбір сөз (зат есім);

    өлше – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы,+сіз – етістіктен сын есім тудырып тұрған сөз тудырушы жұрнақ;

    қазына – түбір сөз (зат есім);

    өріс – түбірі (зат есім),+і – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы;

    кең – түбір сөз (сын есім);

    әлем – түбір сөз (зат есім).

    5) "Шеберлікке шек жоқ".

    Шебер – түбірі (зат есім),+лік – сөз түрлендіруші жұрнақ,+ке – барыс септігі жалғауы;

    шек – түбір сөз (зат есім);

    жоқ – түбір сөз.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years