• Шыгарма керек " Балалыктан даналыкка "

Ответы 1

  • Біздің «Білім күні» деген мейрамымыз өте қасиетті, ерекше мереке. Біз сияқты өте аз халыққа, отаршыл­дықтың, теңсіздіктің зардабын шеккен, қорлығын көрген халыққа – білім ауадай қажет.Ал білімді ұрпақ, тіпті қажет. Адам­ның саны да көбейіп, сапасы да артуы керек. Мектепте оқитын ба­ла он жылдықты балалықтың бір түрі деп қарамай, ертеңгі да­на­лық­қа баратын жол деп қабыл­да­ға­ны дұрыс. Ал қазір адамдар білім­ді болған сайын қулық-сұм­дық­тың бар екенін, саясаттың бар екенін, біреуді менсіну-менсінбеу бар екенін біледі. Заман күрде­лен­ген сайын адамның табиғаты да кү­зеле бастайды. Сондықтан бұ­рын­ғы ата-анадан гөрі, бүгінгі ата-ананың қаупі де, күдігі де көп. Үмі­ті де бар. Бұрын ата-ана баласын мектепке бергенде ертең бі­лім­ді азамат болып шығады деп зор сеніммен беретін. Ал қазіргі кезде сол сенімнің орнына күмән пай­да болды. Ата-ана ертең балам­ның болашағы қандай болады деп алаңдаумен жүреді. Әзірге осы мә­селенің шешуі жұмбақ болып тұр. Б­ала мектепке барғаннан кейін бі­­лім алу арқылы өзінің Құдай бер­­ген табиғатын ашуы керек.
    • Автор:

      harper67
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years