• Загадка про корову и про лошадь на казахском языке

Ответы 2

  • Это про кого
  • Таптым-таптым, тап жорға,Табаны жалпақ боз жорға./Түйе/.

    Маң-маң басып келеді,Тапырақтап желеді.Мойны ұзын, үсті тау,Ертеден елге бел еді./Түйе/.

    Кезікті бір жануар,Үстінде екі тауы бар.Мойны ұзын, көзі үлкен,Бұл не,өзің тауып ал?/Түйе/.

    Даусы қоңыр, үні мұң,Тесіп қойған мұрынын./Түйе/.

    Дүниеде ақас бар бек жайлаған,Жанына адам барса ойбайлаған.Ақастың адам білер мінезі бар,Мінгесіп екі бала той тойлаған./Түйе және оның өркеші/.

    Бір тақыт бар дүниеде әркім білер,Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер.Мінерінде төмендеп келеді екен,Мінгеннен соң жоғары көтерілер./Түйе, оған мінген адам/.

    Дүбір-дүбір төртеу,Есенгелді екеу.Жағалбайлы жалғыз,Оның таңы қарбыз./Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы/.

    Төрт кісі төсек сал дейді,Екі кісі қарауыл қарайды,Үлкен әйел есік аш дейді,Кіші әйел төмпештейді./Түйе, төрт аяғы, екі өркеші, түйенің құмалақ тастағаны/.

    Төсек астында төрт күлше./Түйенің төрт табаны/.

    Таудан тас домалайды,Тас бұршақтай сабалайды./Түйенің құмалағы/.

    Жоғарыдан көп тас домалайды,Кезектесіп бірін-бірі қуалайды./Түйенің құмалағы/.

    Шашылды маржан,Бағасы арзан./Құмалақ/.

    Апан-апан,Ескі шапан.Иір қобыз,Жарық жұлдыз./Түйенің шудасы, мойны,көздері/.

    Мамам маң басып барады, Күлшесі қалып барады./Түйенің ізі/.

    Екі төлдің атынанБір төлдің аты шығады./Тайлақ/.

    Түбірлі төртеу,Түймемен бесеу,Ерубай екеу,Мамық жалғыз./Жылқы/.

    Қоян жақты, тақыр жонды,Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.Салпы ерін, өзі жүйрік,Кең омырау, жуан құйрық./Ат/.

    Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,Үстіне мінген адам есіреді.Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,Ойласаң тереңірек шешіледі./Ат/.

    Отырдым мұнан барып оймауылға,Қлінді екі аяғым байлаулыға.Қолыма екі қайыс ұстап алып,Жүргіздім қайда барсам айдауыма./Мінген ат/.

    Екеуі елеңдеп келеді,Төртеуі төбелесіп келеді./Аттың екі құлағы мен төрт  аяғы/.

    Ана таумен мына тау соғысып келеді./Аттың төрт тұяғы/.

    Кішкене ғана тостаған,Көтеріп қана тастаған./Аттың тұяғы/.

    Алды қияқ, арты шалғай./Аттың жалы/.

    Ұштым,ұжмаққа шықтым,Тептім, терекке шықтым./Атқа міну/.

    Қарасам, қайдан келдің,Малы қара сайдан келдің./Аттың тезегі/.

    Кекендеткен несі екен,Келіп салған несі екен?Сорпылдатқан несі екен,Сорқылдатқан несі екен,Суырып алған несі екен,Суы тамған несі екен?/Желідегі биені емген құлын/.

    Төртеу келеді,Төртеу асылып тұрады,Екеу жол көрсетеді,Екеу иттен сақтайды,Енді біреу артында асылып тұрады./Сиыр/.

    Екі айнасы бар, Екі найзасы бар,Төрт жаптырмағы бар,Бір шыбыртқысы бар. /Сиыр/.

    Бүкір ағашқа қар жұқпас./Сиырдың мүйізі/.

    Ел жатса да енекем жатпайды./Сиырдың мүйізі/.

    Төсек астында төрт бауырсақ ./Сиырдың желіні/.

    Төрт туысқан бір шұңқырға құяды./Сиырдың емшегі/.

    Арқасы бар, аунамайды,Аузы бар, күйсемейді./Сиыр мен ат/.

    Кішкентай ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар./Қой/.

    Төрт тағанды бойы бар,Момындық дұрыс ойы бар.Кербезденіп жүрмейді,Айналдырған тоны бар./Қой/.

    Азанда кетер ләйлекен,Кеште келер ләйлекен.Түрлі-түрлі жібектен,Түймесі бар ілгектен./Қой, ешкі/.

    Шапаным да, тоным да,Арқаның жүр жонында.Атам соның соңында,Таяғы бар қолында./Қой, қойшы/.

    Ашылмаған сандықта,Пішілмеген құндыз бар./Қозы/.

    Қайырып басын тастаған, Қайқайып қойды бастаған./Ешкі/.

    Асты пышақ, үсті істік,Өзіне лайықтап киім пішкен,Секіріп-секіріп түскен./Ешкі/.

    Төрт аяғы бар,Басында екі таяғы бар,Иегінде екі сақалы бар./Ешкі/.

    Сақалы бар,Санасы жоқ./Ешкі/.

    • Автор:

      santos
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years