Ертегі- Еңбек Бірде қасқыр тиіндердің ашықпау сырын білгісі келді.-Тиін, осы сендер қалай ашықпайсыңдар? -деп сұрады.Біз еңбек етіп ашықпаймыз,-деді тиын.Қасқыр жалқаулықты білгенімен, еңбек деген сөзді түсінбеді. Тиін түсіндірді;-Еріншек ерініп жатты,Күн көзінде керіліп жатты.Еңбеккер еңбегін істеді,Демалып күлшесін тістеді.Қасқыр түсінгендей болып, өз жөнімен кетті.