• пожалуйста,помогите, перевести текст.

    Мені көргенде, кішкентай қара бала жылап жіберді.
    - Өй, батыр, неге жыладың? Біреу жәбірледі ме ?
    - Жоқ, аға, - деді бейтаныс бала өксігін баса алмай. - Қарным ашты.
    - Үйіңде таба алмай жүрсің бе?
    - Жоқ... Мен он бесінші пәтерде тұрамын.Мына балапанды мысық жеп қоя ма деп...
    Енді байқадым. Баланың қолында торғайдың сарыауыз, үрпек балапаны шиқ-шиқ етеді.
    - Мұны қандай алдың ?
    - Бірінші қабаттың балконынан. Өздері ушіу екен. Екеуін Соняның мысығы жеп қойды.
    - Үйіңе апармайды ба ?
    - Апардым. Әкем мен анам көшеге таста деп ұрысқан соң... далада жүрмін.
    - Есімің кім ?
    - Болат.
    - Онда бұл балапанды маған бере ғой, өзің үйіңе бар.
    - Далаға тастап кетпейсіз бе ? - деді Болат көздері жыпылықтап.
    - Жоқ, айналайын. Өйтсем обалына қалмаймын ба ?
    Үйге кіре бергенімде, " аға, аға " деген Болаттың үні жетті құлағыма.
    - О, не, Болатжан?
    - Обал деген не ?
    - Қайырымдылық қасиет, - дедім аузыма басқа сөз түспей.
    Менің есіме сол кезде кішкентай Болат түсті. Құстың обалын білген сәбидің ертең туған елінің обалын ойлайтын азамат болатындығы көңіліме қуаныш ұялатты.

Ответы 0

  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years