Алтыбақан- қазақ халқының көптеген мерекелерінде ойналатын ұлттық ойындарының бірі, көптеген жастардың бас қосып, өлең айтып, көңіл көтеретін сүйікті жерлері. Алтыбақанды құру үшін ұзындығы 3-4 метр болатын 6 ағаш, тақтай мен 3 арқан қажет. Алтыбақанды 2 адамнан тебеді ол көбіне қыз бен жігіт. Қалған ойнаушылар қалжыңдасып, өлең айтып алтыбақан тепкен қыз жігітті қолдап тұрады.