Ответы 1

  • КөкекӘбділда ТәжібаевБір қонып, бір секектеп,Атым менің «көкек!»- деп.Керек болса саған жазКелдім дейді жетектеп.Қорықпандар жаз өтет деп,Мен ғой келген жетектеп,Тұрады жаз тамылжып,Қойсам болды «көкек!»- деп.ОтарбадаӘбділда ТәжібаевБейне перне тізілген,Шпал қалай көп еді,Шегіндей домбыраРельстер күй төгеді.Басып перне күй гулеп,Міне отарба жөнеді.Қазақстан ән-жырынӨрге тартып келеді.Жүйрік болат паровозМені де өрге тартады,Шайқап жарық вагондар,Бойда қуат артады.Терезеден қараймын,Дөңгелейді айналам.Қандай жүйрік отарбам,Қандай қызық заманам!1936Алыстан хатӘбділда ТәжібаевСезсең кейде соққан жылыЖаздың жанға жайлы лебін,Жат көрме, ол аңсап сеніАқырын менің алған демім.Сыбырласса көк жапырақтар.Тілдескендей қоңыр желмен -Тыңда да сен, сыр алып қалСыбырлаушы онда да мен.Терезеңнің әйнегіненАй қараса айдын көктен,Мен де қарап тұрмын біргеОйлан, гүлім, ұйықтап кетпе.
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years