• сары май,сары уайым,сары уыз,сары ауыз,сары су,қалың киім,қалың жұрт,қалың бет,қалың қамыс,қоңыр сиыр,қоңыр жіп,қоңыр дауыс,қоңыр салқын,қоңыр күз,қоңыр қаз,қоңыр жел,қоңыр тарту,қоңыр аю
    Мынаның мағыналарың жазып жіберіндерші өтініш өтінемін пж

Ответы 1

  • Сарымай – қой, ешкі, сиыр сүтінен алынған қаймақты күбіде пісу арқылы алынатын тағам. Сарымайдың түсі сары әрі сүт тағамдарының ішіндегі ең майлылығы мол, құнарлысы. 

    Сары уайым – адамның жан дүниесіндегі сағынышпен,рухани мұқтаждықты сезінумен байланысты ұзақ уақыт бойына құлазу,қайғыру сезімі.

    Сары уыз – енді ғана төлдеген малды бірінші рет сауғанда алынатын уыз.

    Сары ауыз – көрінген әйелге көз сүзіп, сөз айтатын еркек.

    Сары су – сүтті өңдеу арқылы сүзбе мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім.Тағы бір мағынасы адам организмінде ұзақ процестердің нәтижесінде тіндер мен органдар арасында пайда болатын қуысты білдіреді.

    Қалың киім – жылы киім дегенді білдіреді.

    Қалың жұрт – көпшілік,көп адам деген мағынада.

    Қалың бет – ұятсыз,тәрбиесіз адам.

    Қалың қамыс – су өсімдігінің өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өсуі. 

    Қоңыр сиыр – сиыр малының түсін білдіреді.(Қара мен қызылдың аралығындағы қою күрең түс)

    Қоңыр жіп – жіптің түсі.

    Қоңыр дауыс – бірқалыпты ырғақпен айтылған,жайлы үн, дауыс.

    Қоңыр салқын – жағымды,бірқалыпты мезгіл.

    Қоңыр күз – күздің ауа райы жылы және құрғақ кезі.

    Қоңыр қаз – өзен-суларда жүретін қоңыр түсті жабайы қаз.

    Қоңыр жел – жанға жайлы салқын жел.

    Қоңыр тарту – күреңдену,қоңырлану.

    Қоңыр аю – көбіне қалың орманды жерді мекендейтін сүтқоректі жыртқыш;аюдың бір түрі.Қоңыр аю - терісі,майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланатын бағалы аң.

    • Автор:

      bello
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years