Предмет:
Қазақ тiлiАвтор:
urbanoОтвет:
Шекарада.
Қазақстан аумағы 2724,9 мың км2-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньнның солтүстік жоталарын басып өтеді.
Қай заман болмасын әрбір ел ең алдымен өз шекарасын қорғауға тырысқан. Ал шекара қызметі дегеніміз не? Бұл - өз халқына адал қызмет етіп, өз міндеттерін орындайтын шекарашылардың қажырлы еңбегі.
Біз, ХХІ ғасыр жастары шекарашылардан үлгі алуымыз керек деп есептеймін, себебі әрбір адамның негізгі міндеті - өз елін және туғанын қорғау. Қазақстандай ұлан – байтақ жеріміздің шекара қауіпсіздігін шекарашылар күзетеді. Олар күні –түні демалыссыз елі үшін абыроймен қызмет атқаратын жандар. Батыл, ержүрек шекарашылардың батырлық ерліктері көптеген кітаптар мен фильмдер, спектакльдер үшін негіз болды. Әрбір Адам өз елінің батырлық тарихын біліп, есте сақтау керек деп ойлаймын, өйткені бұл - лайықты болашақты қалыптастырудың жалғыз жолы.
Автор:
mangokaneДобавить свой ответ
Предмет:
ЛитератураАвтор:
caliОтветов:
Смотреть
Предмет:
МатематикаАвтор:
milesxcj7Ответов:
Смотреть