Біздің заманымыздан бұрын 1 ғасырда Жетісу мен Шығыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі ұланғайыр жерді ,"сақ" деген жалпы атаумен белгілі көптеген тайпалар мекендеген. Олардың нақты санын білу мүмкін емес, олар туралы грек жазбаларында- дайлар, масагеттер, исседондар деген, ал көне парсы жазбаларында- хаомавр сақтары,тигрохауд сактары, парадария сақтары және парасоғды сактары деген әртүрлі аттары ғана кездеседі. Б.з.б 1 ғасырда жартылай көшпелі жане көшпелі мал шаруашылығы Қазақстанның жазық және таулы аймақтарында күнкөрістің басты көзіне айналады. Сақтар өмірін ат үстінде өткізгенмен, олар көшпелі шаруашылықта және өмір сүру үшін дөңгелегі бар арбаларды пайдаланған. Ерте заманғы көшпелі халықтардың арасында қоғамның әлеуметтік құрылымының символы ретінде қарастырылған қасиетті сый жөнінде аңыздар өмір сүрген. Онда Тарғытай мен Қолақсай деген арғы ата-бабаның аттарымен байланысты генеалогиялық жүйе мен аспаннан түскен қасиетты сый болып саналған тостаған, балта, соқа және малға кигізетін үзеңгі туралы аңыздар бар. Бұл қасиетті сыйлар, дін қызметкерлерін, әскерилерді және өндірушілер топтарын білдірген.