Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім? Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім? Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? Арманын атандырып келешекке , Біздермен осы күнгі тілдескен кім? Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барып көк теңізге, Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 1-оқушы: Сахнаға Абай шығады. Рамазанов Айдын: Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. «Көзімнің қарасы» әнін орындайды.