• берілген сөз тіркестерін пайдаланып шағын мəтін құрап жазындар

    question img

Ответы 1

  • Серт.

    Біздің үйде бүгін қонақасы беріліп жатыр.Себебі, менің жаңа үйленген ағам мен жеңгеме енші беріп,жаңа отауларына аттандырғалы жатыр.Бәрінің жүздерінен күлкі кетпейді.Мен де қуаныштымын.Атамның қасына отырып, әңгімесін тыңдадым.Атам:

    - Құлыным,саған атаң өсиет қалдырайын деп еді,-деді менің басымнан сыйпап.Мен:

    - Әрине,айта беріңіз,-деп басымды изедім.Атам сәл кідіріп:

    - Үйдің ең кенжесі сенсің,Саматжан.Мектепті бітіруге де қалдың.Енді үлкен өмірге қадам басасың.Оқуыңды бітірген соң, еліңнің азаматы бол.Елің үшін қызмет ет.Себебі,ұлы аталармыз осынау ұлан-байтақ жерді болашақ сендер үшін ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен қорғап,сендерге мұра етіп қалдырды.Осы мұраны бағалай біл.Отаныңның патриоты бола біл,құлыным,жарай ма?-деп арқамнан қақты.Мен:

    - Ия,аташым.Сөзіңізді жерге тастамаймын.Әлі-ақ ер жетіп,отбасымның,елімнің сүйеніші боламын!-деп өзіме де,атама да серт берген едім.

    • Автор:

      mimi12
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years