• Карлардын кандай турлери болады?

Ответы 1

  • Қазақ танымындағы қар атаулары, түрлері:

    Ақ қар – жаңа жауған тап-таза қар.

    Ақша қар – жаңа жауған ұлпа қар.

    Ала қанат қар – бір жерде бар, бір жерде жоқ, бір жерде жұқа, бір жерде қалың қар.

    Жапалақ қар – түйіршіктері ірі-ірі қар.

    Көбік қар – жаңа жауған құрғақ, үлпілдек жұмсақ қар.

    Күпсек қар – қалың жауған ұлпа қар.

    Үлпілдек қар – өте жұмсақ, үлбіреген жаңа жауған қар.

    Күртік қар – нығыздалған, соқталанған қар; қар үйіндісі.

    Омбы қар – белуарға дейін қалың түскен күртік қар.

    Қасат қар – ұзақ жатқан, қатып қалған қалың қар.

    Қиыршық қар – жентектелген түйіршік қар.

    Қырбақ қар – жұқа жауған қар.

    Қырбық қар – ұшқындап жауған, жұқа қар.

    Сонар қар – алғаш жауған қар.

    Ұлпа қар – жаңа жауған жұмсақ қар.

    Үрме қар – жел үрлеп тығыздап тастаған қар.

    Үлпек қар – жеңіл,ұлпа қар.

    Кебіс басы қар – жұлықтан аса жауған, тобыққа таяу, кебіс батарлық қар қалыңдығын нақтылайтын халықтық өлшем.

    Еспе қар – ақпа, сусымалы, бос, борпылдақ қар.

    Сіреу қар – тізеден келер тұтас қар.

    Мамық қар – жұмсақ, үлбіреген қар.

    Мұздақ қар – үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.

    Сүрі қар – ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.

    Жылбысқа қар – ери жауған қар.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years