• эссе "Бакытсыз жамал" дам 30 баллов

Ответы 3

  • Копировать вставить. Без коментов._.
    • Автор:

      rodriguez
    • 6 лет назад
    • 0
  • Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар сұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

    "Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.

    Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.

  • Эссе

    "Бақытсыз Жамал" романы.

     Міржақып Дулатов қаламынан талай белді туындылар жарық көргені белгілі.Сондай аталмыш шығармаларының бірі - "Бақытсыз Жамал" романы.Ол қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді туынды еді.

     Прозалық туындының сюжетіне тоқталып өтсем,оқиға Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып Шолпанға үйленуінен бастау алады.Одан Жамалдың тууы, Жамалдың молдадан оқып,ұл балаша тәрбиеленеуі, әдемі бойжетуімен жалғасады.Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген есеппен Байжан баймен құда болуы еркін өскен Жамалдың жүзіне мұң сыйлайды.Бұған анасы Шолпан да қарсы болған еді.

    Мен қайран атам малға сатқанына,

    Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

    Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген

    Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, -

    деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде, бір тойда жас, оқыған, сыпайы, сұлу жігіт Ғалимен танысады.

    Екі ғашық бір-бірінің тілін тез тауып,хат алмасып жүріп,ақыры қашып кете барады.Байжанның келінінің кетіп қалуына орай жасаған аярлық әрекеттері, өтірік қағаз жасатуы  шығармада оның жауыз,дүниқңыз жан екенін аңғартпай қоймайды.Ғали аяқ астынан ауырып қайтыс болып,Жамалдың жан жарасына айналады.Оқиға Жамал еріксіз Байжан босағасына келіп, Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры боранда адасып өлуімен аяқталады.

     Қортындылай келе айтарым,роман құрылымы жағынан ауыр әрі кейіпкерлері көп болмаса да сол заманның бүкіл елді жайлаған дертін көрсете алды деп білемін.

  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years