Мен осы жылы "учет и Аудит" мамандығы бойынша мемлекеттік бизнес колледжін бітірдім. Қазіргі уақытта Нархоз универститетінің студенті болып табыламын. Бұл мамандықты байқаусызда таңдадым, бірақ 3 жыл оқу барысында бірде бір рет таңдаған мамандығыма өкінбедім. Есепші мамандығы əркезде керек жəне көп талап етілетін мамандық деп ойлаймын. Сонымен қатар мен қазір өз мамандығым бойынша жумыс іздеудемін. Мен бос уақытымда кітап оқып, кино коремін. Кітап оқып, турлі жанрдағы киноларды көргенді ұнатамын. Соңғы уақытта өзін өзі дамыту жайлы кітаптарды дұрыс деп есептеймін. Сондай ақ мен бос уақытта əуен тыңдағанды жəне достарыммен серуендеймін. Тілге қатысты білімімді орташа деп білемін. Маған оны түсіну қиын емес тек сол тілде сөйлеу маған қиынырақ, практикалық тəжірибе керек деп ойлаймын.