Ответы 5

  • я тоже так могу
  • ???
    • Автор:

      kennyu1dh
    • 6 лет назад
    • 0
  • взять скопировать и вставить
  • Жылқыға қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. «Ат - ер қанаты», «Жылқы - малдың патшасы», басқа да даналық нақылдарда жылқының қадір-қасиеті айтылған. Адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деп дәріптеуінде үлкен мән бар. Ерте заманда тарпан мен түзат қазақ даласында кездескен. Қазақтың тарихи дастан жырларында жылқыны батырлар жеке мініске пайдаланғаны баяндалады. Мысалы, Қобыландының - Тайбурылы, Ер Тарғынның - Бозтарланы, Қамбар батырдың - Қарақасқасы, Төлегеннің - Бозжорғасы, Ақан серінің - Құлагері. Сондықтан адамзаттық абыройын асқақтатқан жылқының асыл тұқымдарының санын көбейту қажет. Сапасы жоғары жаңа қолтұқымдарды асылдандыру шараларына ерекше назар аударылуы тиіс. Қазақстан елтаңбасындағы жылқы бейнесі. Халық сүйікті перзенттерін «құлыным», «құлыншағым» деп еркелетуі, жылқыны өте жоғары бағалағандығын көрсетеді. Ертеде көшпелі тайпалар жылқыға табынған. Беделді адамдар өлгенде жылқыны қоса жерлеу дәстүрі ежелгі сақ тайпаларында сақталған. Бұған Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау өңірлерінен табылған адамдармен қоса жерленген жылқы сүйектерінің қалдықтары дәлел. Қазіргі елтаңбамызда жылқы бейнесінің болуы сол сабақтастығы аңғартады. Жылқышы жеті қазынаның бірі деп есептейді. Жыл санауда жылқының жетінші жыл болып енуінде үлкен мән бар. Жылқының қадір-қасиетте байланысты «арғымақтар» және «жабылар» (қазақы жылқы) деп екі топқа бөледі. Арғымақ жылқылар адамға дос, сенімді серік. Олар жүйрік жылқы тұқымдары деп саналған. Арғымақ тұқымынан шыққан таңдаулы жылқышы «тұлпар», «сәйгулік», «пырақ», «дүлдүл» деп дәріптеген. Асыл тұқымды арғымақтардың қазақ даласында көптеп өсірілгендігі туралы тарихи деректер де бар. Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы қолтұқымдары түрлі мақсатқа сай қолдан сұрыпталып шығарылған. Ауыр жүк таситын, салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын, етті, сүтті бағыттағы қолтұқымдары өсіріледі.
    • Автор:

      wayne
    • 6 лет назад
    • 0
  • Ответ:

    Жүйрік жылқы.

    Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Жылқы - көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден ақ белгілі. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.

    Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар деп аталады. Жылқы сымбатты жануар.

    Бұрынғы кезде батырлардың жүйрік жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.

    Жүйрік атты бас бітімінен таниды. Қоян және бақа басты жылқылар жақсылар санатында. Ал бұлан бас, бұғы бас, құлан бас, орақ бас жылқыларды екінші топқа жатқызуға болады. Сондай -ақ өрен жүйріктің көзі, маңдайы, танауы, құлағы, омыраулығы, астыңғы ерні үлкен келеді, Тілінің бітімі жатпақ, жақ сүйегінің астыңғы сағақ үңгірі терең, қабағы үшкіл, еріндері тістеуік сияқты қабысып бітеді.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years