Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайдыТоғызыншыдан - бесіктің төсек салынатын, түбек орналасатын тақтайлары баланың омыртқасы түзу болуына әсер етпей қоймайды. Ал омыртқаның бүкіл денеге қаншалықты әсер ететіні бүгінгі ғылымға белгілі.