• Эссе на тему трехъязычие (уштилдилик) на казахском языке. 150 слов, пожалуйста

Ответы 1

  •   Үш тілділік – заман талабы                                                                   Тіл – қай ұлтта, қай елде болса дақастерлі, құдіретті. Бүгінгінарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынанкөрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.   Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың бастымақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз өз анатілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.     Ал, ана тілін жақсы білмейінше, сауаттысөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениеттіадам бола алмайсың.   Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар менжастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардыңдәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғниполимәдениетті тұлға қалыптастыру керек.      «Елужылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемніңкөптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және  әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұлқатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзараынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен.         Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы»- «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды.Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақтілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуыныңнақты жоспарын айқындап берді.Елбасының бұл жоспары Қазақстанның әлемдікдағдарыстың қашан аяқталуын күтпей өзіндік даму стратегиясын алдын ала  белгілеуі деп айтар едім. Президентіміз тек экономиканы ғанаемес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барыншадамытуға көп көңіл бөлгендігін ерекше атап өтті. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыруқажеттігін меңзеді.      Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алудыұсынамын. Қазақстанбүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жәнеағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалыүндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдікоқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғарыдеңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуімізміндет” - деп етекше атап көрсеткен.  Білім министрі  2019 жылға дейін  елімізде үш тілді білім беруге көшуде ешкедергі болмауы керек деп санайды. 2019 жылға дейін жоғары сыныптарды осы жүйеге көшіретінін айтты. Бір айта кететіні, мектепте жоғарысыныптарға техникалық мамандықтар пәнін ( химия, физика,биология,информатика) ағылшынтілінде өткізе отырып, оқушының әлемдік оқудағы үдерістерге ықпалдасуына жағдайжасайтынын тілге тиек етті. Ал, еліміздегі орыс мектептеріндегі«Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде және де қазақ мектептеріндегі «Дүниежүзі тарихы» пәнінің орыс тілінде жүргізілетінінайтып өткен болатын. Бұл Қазақстанның барлықмектептерінде де осылай жүретінін меңзеген болатын. Осылайша еліміздің білімалушы әр перзенті үш тілді еркін меңгеретін болады. «Бұндай ықпалдасу оқушыүшін міндетті. Осылайша, ол жоғары оқу орындарында да ағылшын тіліндеоқытылатын техникалық пәндерге бейімделе бастайды», - деген болатын министр Е.Сағадиев.     Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздыңкілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыстанемесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі замандаағылшын тілі «21 ғасырдың»,халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.          Үштілді оқыту – жас ұрпақтыңбілім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларынаүңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең бастықажеттілік.     Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілдідамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.
    • Автор:

      sassyceme
    • 6 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years