Сиырдың жалпы атауы – қарамалБұзау – сиырдың алты айға толмаған төлі.Баспақ – жасы алты айдан асқан төл.Торпақ – алты ай бір жылға дейінгі төл.Тайынша – бір жастан асқан төл,Тана – бір жас пен екі жас аралығындағы қара мал.Қашар – екі жасар ұрғашы мал.Құнажын – үш жасар ұрғашы мал.Дөнежін – төрт жасар ұрғашы мал.Тайөгіз – бір жасар піштірілген мал.Өгізше – екі жастан асқан піштірілген мал.Құнан өгіз – үш жасар піштірілген мал.Дөнен өгіз – төрт жасар піштірілген мал.Атан өгіз – улкен, ірі денелі, қартаң, піштірілген мал.Құр өгіз – піштірілгеннен кейін шаруаға, күш-көлікке пайдаланылмай семірген соғымдық ірі мал.Өгіз – күш – көлікке пайдаланылатын піштірілген, бес жастан асқан ірі қара.Бұқа – аталық мал.Бұқашық – бір жастан асқан, піштірілмеген еркек мал.Сиыр – аналық мал.Мөшке – сауын сиыр.Құсақ – тұмса бұзаулаған сиыр.Қызыл бұзау – буаз сиырдың ішіндегі тумаған бұзау.Қойдың бір атауы–жандықҚозы – жасы төрт айға толмаған төл, қой төлінің жалпы атауы.Күйек қозы – сәуір, мамыр айларында яғни мезгілінде туған қозы.Көбеген, Көбдік – ерте туған қозы.Мәйікті қозы – енесінің ащы және жай уызын тоя еміп, тез өсіп жетілген төл.Арамза – күйек айынан бұрын қашқан саулықтың мезгілінен ерте туған қозысы.Көпей - өте кеш, маусымның соңында туған қозы.Бөдене қозы – кенже туған, дене тұрпаты жетілмеген, жатаған кішкене қозы.Торым – қозы, тоқты.Марқа – ерте туған, күйек қозыларынан үлкен, тоқтыдан кіші қозы.Бағлан - өз енесі мен теліген енесін тел еміп, сүбеленіп семірген қозы.Тоқты – жасы алты айдан асқан қой төлі.Тұсақ – бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашы қой.Ісек – екі жастағы піштірілген қой.Шар қой – ірі, кексе қартамыс қой, қысыр қалып не қозысы өліп, бірақ өзге қозы телінбей семірген кәрі саулық.Азбан (ақ ауыз қой) – аурулығына немесе тұқымсыздығына байланысты піштірілген қошқар.Саулық – аналық қой.Тел қой – енесі сүтіне жарытпаған төл телінген, қозысы өлген саулық.Қошқар – аталық қой.Қортық қошқар – тұқымы нашар, қошқарлық қасиеті болымсыз аталық.Құтпан, келепан- отардағы таңдаулы құт-береке көзі болған киелі қой.Лақ – ешкінің алты айға дейінгі төлі, төлдің жалпы атауы.Шікірә - еркек лақ.Туша – бір жасар ұрғашы ешкі.Шыбыш – бір жас пен екі жас аралығындағы лақтаған ешкі.Серкешік – бір жас пен екі жас аралығындағы ешкі.Серке – бес-алты жастағы тартылған, қой бастар ешкі.Теке – екі жастан асқан аталық.Ешкі – аналық.Ту ешкі – бірер жыл қашпай, қысыр қалған семіз ешкі.Түйенің жалпы атауы–шалқұйрықАйыр түйе – екі өркешті түйелердің жалпы атауы.Нар түйе – жалғыз өркешті түйелердің жалпы атауы.Бота, көшек – түйе төлінің жалпы атауы, інгеннің жасқа толмаған төлі.Нарбота – аруананың жасқа толмаған төлі.Тайлақ – екі жасқа дейінгі төл.Сүттайлақ – қысыр қалған інгендердің емізіп жүрген былтырғы ботасы не енесі боталауға бірер ай қалғанша емген тайлақ.Бүлдіршгін – үш жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.Құнанша – үш жасар ұрғашы түйе.Дөненше – төрт жасар ұрғашы түйе.Тығыршын – төрт жасқа шығар қайымаған ұрғашы түйе.Соқтан – төрт жасқа шығар еркек пішпе түйе.Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар жас бура, інген бұзар.Атан – ақталған, кексе ірі айыр түйе.Атанша – айыр түйенің бес жасқа дейінгі ақтасы.Інгенше – бес жасқа жетпеген, боталамаған ұрғашы айыр түйе.Мая – жалғыз өркешті түйенің аналығы.Аруана – жалғыз өркешті таза тұқымды аналық.Нар – 1. Жалғыз өркешті түйенің жалпы атауы.2. Жалғыз өркешті піштірілген еркек түйе,Нарша – жас нар.Үлек – жалғыз өркешті түйенің таза тұқымды аталығы.Бура – айыр түйенің таза тұқымды аталығы.Алаша – інген мен жабайы бураның тұқымы.Жампоз – інген мен бураның асыл тұқымды таза ұрпағы.Біртума – таза тұқымды үлек пен інгеннің не таза тұқымды бура мен аруананың бірінші ұрпағы.Түс айыр – таза тұқымды бура мен інгеннің бірінші ұрпағы.Ләкір – таза қанды бура мен аруанадан туған ұрпақ.Әле нар – таза қанды үлек пен аруананың ұрпағы.Қоспақ – інген мен үлектен туған будан. Балқоспақ – мая мен бурадан туған будан. Айыр түйеге ұқсас.Нар қоспақ – аруана мен бураның буданы.Жылқының жалпы атауы–ҚылқұйрықҚұлын – жылқының алты айға дейінгі төлі.Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.Тай – бір жастан асқан, екі жасқа толмаған (еркек, ұрғашы) жылқы.Арда – енесін екі жасқа дейін емген жылқы төлі.Құнан – екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы.Құнажын – екі жас пен үш жас аралығындағы ұрғашы жылқы.Байтал – үш жас пен төрт жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы.Дөнен – төрт жасар еркек жылқы.Сойтал – төрт жасқа шығар ұрғашы жылқы.Бесті – бес жасар еркек жылқы.Айғыр – үйірге түсетін аталық жылқы.Сәурік – жаңадан үйір алған жас айғыр.Қысырық – үйірге жаңадан қосылған, әлі құлындамаған жас бие.Қулық – тұмаса құлындаған жас бие.Бие – аналық жылқы.Қасаба – көп жасаған мама бие.Мама бие – үйірдегі кексе, өрбіген ұрпағы көп сақа бие.Саба бие – қарны «жер сызған», көп құлындаған бие.Бедеу бие – құлындамаған бие.Сәйгүлік – шашасына шаң жұқпаған жүйрік жылқы.Саңлақ – ұшқыр, жүйрік ат.Арғымақ – дене бітімі аса келісті, сұлу, сымбатты, жүрдек, асыл тұқымды жылқы.