Ответы 1

  • Ответ:

    «Айша Бибі» кесенесі туралы диалог құрастыру.

    Алтынбек: «Тараздың бойтұмары» деген мәтінді оқыдың ба?

    Қанатбек: Әрине, мұғалім үй тапсырмасына сол мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келуді тапсырған болатын.

    Алтынбек: Сонда, Қарахан неліктен Айша Бибіге уәделі уақытта бара алмай қалады?

    Қанатбек: Себебі, жаугершілік заман болып, Қарахан елін, жерін қорғап шайқаста жүреді.

    Алтынбек: Таразға барар жолда қандай жағдай орын алады?

    Қанатбек: Жолдан шаршаған Айша Бибі төсенішке жатып, маужырап ұйқыға кетеді. Сол кезде оны даланың улы жыланы шағып алады.

    Алтынбек: Қарахан денесін у жайлаған аруға жетіп үлгереді ме?

    Қанатбек: Иә, Қарахан молда мен емшіні алып жеткенде Айша есінен танып жатыр екен.

    Алтынбек: Сүйген жарынан айырылған Қарахан не істейді?

    Қанатбек: Ол сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады.

    Алтынбек: Мәтіндегі ақпаратты өте жақсы меңгеріпсің, жарайсың!

    Қанатбек: Рахмет, бүгін сабақта қол көтеріп, бірінші жауап бергім келеді.

    • Автор:

      lisafoley
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years