Алматы - Адатаудың баурайында жатқан ғажайып қала. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, нарттай алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізгісіз.Әлемге дәмі тіл үйірер портымен танымал Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар.