• адал адам , адал жүрек , адал кəсіп, адал дос, қалың киім, қалың жұрт, қалың бет, қалың қамыс ,қоңыр сиыр, қоңыр жіп, қоңыр дауыс , қоңыр салқын ,қоңыр қүз ,қоңыр қаз, қоңыр жел, қоңыр аю , сары май, сары уайым ,сары уыз ,сары ауыз, сары су сөздеріннің мағынасын жазыншы утынем

Ответы 1

  • Ответ:

    Берілген сөздердің мағыналары:

    Адал адам: ешкімнің ала жібін аттамайтын, алдамайтын, жүрегі таза, пейілі ақ адам;

    Адал жүрек: алдамайтын, пәк, таза жүрек;

    Адал кәсіп: ешкімді алдамайтын адал еңбек;

    Адал дос: қуаныш пен қайғыны да бірдей бөлісіп, әрдайым жаныңнан табылатын дос.

    Қалың киім: жылы киім;

    Қалың жұрт: көп адам, халайық, халық;

    Қалың бет: ұятсыз;

    Қалың қамыс: бітік өскен қамыс;

    Қоңыр сиыр: қоңыр түсті сиыр;

    Қоңыр жіп: қоңыр түсті жіп;

    Қоңыр дауыс: әдемі, құлаққа жағымды естілетін дауыс;

    Қоңыр салқын: самал;

    Қоңыр күз: мизам шуақ, күздің соңы;

    Қоңыр қаз: қоңыр түсті қаз;

    Қоңыр жел: салқын самал жел;

    Қоңыр аю: қоңыр түсті аю;

    Сары май: нанға жағып жейтін май;

    Сары уайым: қатты уайым;

    Сары уыз: жұмыртқаның сарысы;

    Сары ауыз: жас немесе балапан;

    Сары су: ашыған сүттің іріткісі немесе қанды ірің/жалқаяқ.

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years