• Дам 50 баллов
    Еліктеуіш сөздерді пайдаланып, ішекті және соқпалы аспаптар туралы диолог құрыңдар

Ответы 1

  • Еліктеуіш сөздерді пайдаланып, ішекті және соқпақты музыкалық аспаптар туралы диалог:

    – Сәлем,Айша!

    – Сәлем,Бекет!Қалың қалай?

    – Жақсы,өзіңнің ше?

    – Менде де.Сен ішекті музыкалық аспаптар туралы мәліметтер біліп келдің бе?

    – Ия,ал сен соқпалы аспаптар жайлы ма?

    – Ия.Ал ендеше білгенімізді ортаға салып,талқылайық.

    – Жарайды. Ішекті музыкалық аспаптар – ішектері арқылы үн шығаратын музыка аспаптары.Ішекті музыкалық аспаптартардың дені ағаштан әзірленеді де дека деп аталатын негізгі үнді тербеліске түсіріп шығаратын бөлігі шырша я болмаса самырсын ағашынан жасалады.

    – Соқпалы музыкалық аспаптар – дыбыстар соққы арқылы шығарылатын музыкалық аспаптар тобы.Барлық музыкалық аспаптардың ішіндегі ең көп санды музыкалық аспаптар.Бекет,ал ішекті музыкалық аспаптар қандай дыбыстар шығарады?

    Сыңқ-сыңқ,таңқ,тыңқ,қаңғыр-күңгір секілді дыбыстар.Ал соқпалы аспаптар ше?

    – Олар гүрс,дүрс,тарс,тырс,ырс деген дыбыстар шығарады.

    – Ішекті музыкалық аспаптар дыбыс-үн шығаруына қарай ысқылы, шертпелі, соқпалы,соқпалы-тілді және шертпелі-тілді болып жіктеледі. 

    – Ал соқпалы аспаптар шайқалу арқылы (балғашықтар, тоқпақтар, таяқшалар) және дыбыстық дене арқылы (мембрана, металл, ағаш) дыбыс шығаратындар деп бөлінеді.

    – Осылайша біз бұл екі түрлі аспаптар тобы арқылы көп нәрсені үйрендік қой,қалай ойлайсың?

    – Дұрыс айтасың!Музыка сабағынан бүгін бестік баға алатын болдық.

    – Ия.Олай болса мектепке тез жетіп алайық.

    – Кеттік!

  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years