Бүгінгі таңда дүкен сөрелерінен пайдалы тағамдарды кездестіру қиын. Керісінше адам денсаулығына зиянды тағамдар күн санап көбейіп келеді.Ең қауіпті 5 тағамды айтып өтейін.1. Джем Дүкен джемдері өте зиянды. Өйткені оның құрамында жеміс-жидектерді бүлінбеген қалпында сақтайтын антиқышқылдар бар. Сонымен қатар бояғыш заттар да көп қосылады.2. ПопкорнЖүгерінің адам денсаулығына зияны жоқ. Алайда оны дайындау барысында май, тұз, қант, дәмдеуіш, бояғыш пен хош иіс беруші заттар қолданылады. Попкорнға қосылатын тұздың мөлшері қытырлақтарға қарағанда әлдеқайда көп. 3. Пісірілген шұжықПісірілген шұжық, қысқа шұжық, езілген еттен жасалған шұжықша, паштет секілді тағамдарға 40 пайыз шошқаның еті қосылады. 4. Картофель фриКартофель фридің құрамында майлы заттар көптеп кездеседі. Ал ол тез семіртіп, қант диабеті, атеросклероз, қатерлі ісік секілді ауруларға әкеліп соқтырады. 5. Ұзақ сақталған сүт өнімдеріЕкі аптадан артық тұрған сүт өнімдерін тұтынбаңыз. Өйткені олар сіздің ағзаңызға кері әсерін тигізеді. Бұл тағамдарды ас мәзіріңізден алып тастаңыз. Сонда ғана денсаулығыңыздың жақсарғанына көзіңіз жетеді.