• 30-жаттығу Тірек сөздерді пайдаланып, "Жеңіс" тақырыбына мәтін құрап жаз. Қазақстан, боксшылар, Серік Сапиев, Бекзат Саттарханов, жеңу, Ту.


Ответы 1

  • Ответ:

    Жеңіс.

    Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Бекзат Саттарханов пен Серік Сапиев сынды боксшыларымыздың есімдері Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі олар Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары.  

    Бекзат Саттарханов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.

    Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

    • Автор:

      basileo
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years