• Писать сказку красная шапочка на Казаском языке !

Ответы 1

  • Баяғыда бір қыз болыпты. Бір күні оған шешесі қызыл телпек сыйлапты. Қыз телпекті ешқашан шешпепті. Сондықтан жұрт оны қызыл телпек деп кетіпті.

    Бір күні шешесі самса пісірді.

    – Қызыл телпек, самса мен майды әжеңе апар, жолда ешкіммен сөйлеспе, – деді шешесі.

    – Жарайды, – деді Қызыл телпек.

    Қызыл телпек самсаны, майды алды, әжесіне кетті. Жолда ол қасқырды көрді.

    – Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың?

    – Әжеме бара жатырмын.

    – Әжең қайда тұрады?

    – Әжем шеткі үйде тұрады.

    Қасқыр қысқа жолмен жүгіріп кетті. Ол үйді тез тапты. Қасқыр есікті түртті.

    – Бұл кім? – деді әжесі.

    – Бұл мен, Қызыл телпекпін, – деді қасқыр жіңішке дауыспен. – Сізге самса мен май әкелдім.

    – Жіпті тарт та, кір.

    Қасқыр жіпті тартты, үйге кірді. Сосын әжені жеп қойды да, төсекке жатты. Бір уақытта Қызыл телпек келді, есікті түртті.

    – Бұл кім? – деді қасқыр жіңішке дауыспен.

    – Бұл мен, Қызыл телпекпін, сізге самса мен май әкелдім.

    Қызыл телпек жіпті тартты да, үйге кірді. Қасқырға жақындады, сосын:

    – Әже, әже, неге сіздің көзіңіз үлкен?

    – Сені көру үшін.

    – Әже, әже, неге сіздің қолыңыз үлкен?

    – Сені құшақтау үшін.

    – Әже, әже, неге сіздің аяғыңыз үлкен?

    – Жақсы жүгіру үшін.

    – Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз үлкен?

    – Жақсы жүгіру үшін.

    – Әже, әже, неге сіздің тісіңіз үлкен?

    – Сені жеп қою үшін, – деп қасқыр Қызыл телпекті жеп қойды.

    – Сол кезде аңшылар үйге кірді. Олар қасқырдың ішін жарды.

    – Одан Қызыл телпек пен әжесі шықты. Сөйтіп олар аман қалды.

    • Автор:

      dotscjks
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years