• Диалог на казахском Языке на тему день независимости

Ответы 1

  • Ответ:

    «Тәуелсіздік» тақырыбына диалог құрастыру.

    Мұғалім: Балалар, ертең қандай күн, кім айтып жібереді?

    Оқушылар: Апай, ертең – еліміз үшін басты мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні.

    Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

    Оқушылар: Еліміздің тәуелсіздік күні 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған.

    Мұғалім: Бәрекелді. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толады?

    Оқушылар: Биыл тәуелсіздігімізге 19 жыл толды.

    Мұғалім: Жарайсыңдар! Елімізде осы жылдардан бері қандай елеулі оқиғаларды атай аласыңдар?

    Оқушылар: Жаңа астанамыз бой көтерді! Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті! Елімізде қысқы Азиада ойындары өткізілді! Елордамызда EXPO 2017 халықаралық көрмесі ұйымдастырылды! Назарбаев зияткерлік мектептері мен халықаралық деңгейдегі Назарбаев университеті ашылды!

    Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Еліміздің тарихынан біршама хабардар екенсіңдер! Тәуелсіздік - ата – бабаларымыз армандап кеткен, желтоқсан оқиғасы кезінде қаншама жастар сол үшін қыршыннан кеткен, оңайлықпен келмегенін үнемі естеріңде сақтаңдар! Енді осы тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, сақтап қалу болашақ жастар – сендердің қолдарыңда екенін ұмытпаңдар!

    • Автор:

      slim35
    • 5 лет назад
    • 0
  • Добавить свой ответ

Еще вопросы

Войти через Google

или

Забыли пароль?

У меня нет аккаунта, я хочу Зарегистрироваться

How much to ban the user?
1 hour 1 day 100 years