1. Ол қора-қора малы бар асқан дәулетті болмаса да, төрт түлігі сай, елге сыйлы адам еді. 2. Маңызды әңгімені телефон арқылы жеткізгеннен гөрі, бетпе-бет айтқан жөн.3. Ақсақалдың үйіне балалары із суытпай кезек-кезек келіп тұрады екен. 4. "Ата-анаңды өзің балалы болғанда барып түсінесің",- деп жатады үлкендер. 5. Айдос кеш те болса арманын іске асыру үшін жап-жақсы жұмысын тастап Астанаға жол тартты. 6. Адасып келе жатқан Еркіннің алдынан қолында шелегі бар әп-әдемі қыз шыға келді. 7. Сарт-сұрт еткен дыбыстан шошып оянған Ажар үстіне күртесін кие салып, есікке қарай беттеді. 8. Өзен жағасында ойнап жүрген Қаламқас судың ішінен жылт-жылт еткен әлденені байқады.9. Алмас дос-жаранынан көмегін аяған емес.